Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аркен Өтенов Қазақстандағы жаңа қаланың әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Аркен Өтенов
Аркен Өтенов. Фото: t.me/almatregion

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Аркен Өтенов тағайындалды. Бұған дейін ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі) білім алған.

Аркен Өтенов – халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Аркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Президент Әкімшілігі мен Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2098250-arken-otenov-qazaqstandagy-zhanga-qalanyng-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel