Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары ауысты

Опубликовано:

Мемлекеттік күзет қызметінің туы
Мемлекеттік күзет қызметінің туы. Фото: instagram.com/sgork_official

Бүгін, 11 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Константин Вадимович Канцеров мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жатады әрі заңнамада белгіленген құзыреті шегінде президенттің, өзге де күзетілетін адамдардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік орган.

Мемлекеттік күзет қызметінің ведомствосы – Айрықша мақсаттағы күштер.

Айрықша мақсаттағы күштер – ол әскери құрылым.

Мемлекеттік күзет қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы президенті мен үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы – Исабеков Сәкен Сайынұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2098733-qazaqstanda-memlekettik-kuzet-qyzmeti-basshysynyng-orynbasary-auysty/