Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Аида Балаева ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.

Кездесу соңында мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді. Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2099681-toqaev-madeniet-zhane-aqparat-ministri-aida-balaevany-qabyldady/