Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның екі облысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды

Опубликовано:

Бақытжан Абулхаировты тағайындау сәті
Бақытжан Абулхаиров. Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылары тағайындалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік төрағасының бұйрығымен меритократия қағидатын сақтау аясында Бақытжан Абулхаиров Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бақытжан Абулхаиров бұған дейін Шымкент қаласы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының президенттік резерв мүшесі.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік төрағасының бұйрығымен Қуат Абдыханов Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Қуат Абдыханов бұған дейін Орталық аппараттың департамент басшысы қызметін атқарған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының президенттік резерв мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100260-qazaqstannyng-eki-oblysynda-ekonomikalyq-tergep-tekseru-departamentining-basshylary-tagaiyndaldy/