Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

министрдің орынбасары
Вячеслав Дудник. Фото: primeminister.kz

Вячеслав Дудник денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Вячеслав Юрьевич Дудник Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарда.

Вячеслав Юрьевич 1963 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "экономика" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын іскерлік әкімшілендіру магистрі квалификациясы бойынша, Ресей халық шаруашылық академиясын іскерлік әкімшілендіру докторы квалификациясы бойынша және Швейцарияның Еуропалық университетін бітірді.

Еңбек жолын медициналық институтта оқу кезінде бастаған, 1983 жылдан бастап 1986 жылға дейін Қарағанды қаласының Облыстық клиникалық ауруханасында мейіргер болып істеді.

1986 жылдан бастап 1997 жылға дейін Қостанай қаласы Қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің дәрігер-интерні, дәрігер-онколог-хирургы болды.

1997 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қостанай қаласы Облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері болды.

  • 2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін Астана қаласы денсаулық сақтау департаментінің директоры;
  • 2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры;
  • 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығында түрлі басшылық қызметті атқарды;
  • 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
  • 2021 жылдан бастап 2022 жылға дейін Қостанай қаласы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

2022 жылғы 4 сәуірден бастап денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2100560-viacheslav-dudnik-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/