Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында ҰҚКД басшысы ауысты

Опубликовано:

ҰҚК эмблемасы
ҰҚК эмблемасы. Фото: gov.kz

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылығы ауысты – ҰҚК-ның жаңа басшысы Серік Әміров болды, деп хабарлайды Lada.kz.

Кеше әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында өңірдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа басшысы тағайындалатыны туралы ақпарат пайда болды.

Дереккөздер бұл қызметті бұрын атқарған Бақытжан Валениязов қызметінен кететінін жазды. Комитеттің өңірлік департаменті кадрлық ауыс-түйіс күтілетінін растаған.

Кейін департаменттің жаңа басшысы болып Ұлттық қауіпсіздік полковнигі Әміров Серік Әмірұлы тағайындалғаны белгілі болды. Тиісті ақпарат облыстық ҰҚКД сайтында да пайда болды.

Басылым мәліметінше, тағайындалғанға дейін Серік Әміров Атырау облысы ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2101370-manggystau-oblysynda-uqkd-basshysy-auysty/