jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда Ресейден шошқа етін әкелу мәселесі қайта қаралды

    Көрнекі
    Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстан 22 мамырдан бастап Ресейден шошқа етін әкелуге рұқсат берді. Бұған қоса шошқа етін Қазақстан арқылы тасымалдауға рұқсат етілді. Бұл туралы Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федерал қызметінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, 22 мамырдан бастап Ресейдің африкалық оба таралмаған 33 аймағынан Қазақстанға және Қазақстан арқылы шошқа әкелуге және тасымалдауға салынған шектеу алып тасталады.

    Мұндай шешім Федерал қызметтің басшысы Сергей Данкверт пен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің келіссөзінен кейін қабылданғаны хабарланды.

    Хабарламада Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералды қызметі Қазақстанның ветеринарлық қызметімен Ресейдің 26 аймағынан шошқаның африкалық обасы бойынша шектеулерді алып тастау мәселесін пысықтауға ниетті екені айтылған.

    "Сонымен қатар тараптар ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың маңыздылығын тағы бір рет талқылады. Сергей Данкверт пен Амангелді Бердалин тиісті жұмыстарды ұйымдастыру үшін техникалық мамандармен келіссөз жүргізуге келісті. Қазақстандық әріптестер консультациялық көмек көрсету үшін Ресей өкілдерін күтіп отыр", - делінген хабарламада.

    Қазақстанда Ресейден шошқа етін әкелу мәселесі қайта қаралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.