Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңадан құрылған Алатау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Ренат Кенеев
Ренат Кенеев. Фото: instagram.com/almobl_akimat

Ренат Кенеев Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ренат Кенеев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2006 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді қаржыгер мамандығы бойынша, 2011 жылы Д. Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ренат Кенеев еңбек жолын банк секторында бастаған.

2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, үкіметте және Ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқарған. Ауылдық округ әкімі, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, хаттама және сыртқы байланыс бөлімінің бас инспекторы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2107377-zhangadan-qurylgan-qala-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/