Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азаматтарымыздың жағдайына мұқият қараңыздар": Бектенов әкімдіктерге тапсырма берді

Жарияланған күні:

Олжас Бектенов проводит совещание Республиканского штаба
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек", - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін үкімет отырысында вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, 28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2107947-azamattarymyzdyng-zhagdaiyna-muqiiat-qarangyzdar-bektenov-akimdikterge-tapsyrma-berdi/