jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Су тасқынынан зардап шеккен қанша қазақстандық өтемақы алды

Суға қарсы бөгеттер мен су деңгейінің көтерілуі
Суға қарсы бөгеттер. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Вице-премьер-министр Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет ақпаратынша, 28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақыға жатады) болып саналады.

Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды.

Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.

Вице-премьер-министр әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыларды барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ету тапсырылғанын атап өтті.

"Құрылыс маусымының қысқа мерзімін ескере отырып, жұмысты кешіктірмеуіміз керек. Оқу жылының басында тұрғын үй зардап шеккендерге берілуі қажет. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда", - деді Қанат Бозымбаев.

Су тасқынынан зардап шеккен қанша қазақстандық өтемақы алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.