Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан не себепті тәліптер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастағанын түсіндірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және і ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлері
Қасым-Жомарт Тоқаев және і ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлері. Фото: akorda.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайды сөз етіп, осы елмен байланыс орнату мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президент Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды. Оның пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту.

"Қазақстан тәліптер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек екеніне назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2111337-toqaev-qazaqstan-ne-sebepti-talipter-rezhimin-terrorlyq-uiymdar-tiziminen-alyp-tastaganyn-tusindirdi/