Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нгози Оконджо-Ивеала
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нгози Оконджо-Ивеала: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

"Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды", – деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті.

Президент жуырда Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған.

Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Президент осы күндері Алматыда өтіп жатқан Орталық Азияның сауда саясаты жөніндегі Екінші форумының өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты ілгерілету, сондай-ақ көршілес елдерді көпжақты сауда жүйесіне интеграциялау тұрғысынан мәні зор екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2111403-toqaev-dsu-bas-direktory-ngozi-okondzho-ivealamen-kezdesti/

pixel