Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есік қаласында жаңа әкім сайланды

Опубликовано:

Жан Құраметов
Жан Құраметов. Фото: instagram.com/enbekshikazakh_audan_akimdigi

Жексенбі, 2 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ескі қаласының әкімін сайлау өтіп, Жан Құраметов әкім болып сайланды. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аудандық әкімдіктің Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, сайлауда Жан Құраметов жеңіске жеткен.

Жаңа әімнің жасы 35-те, "Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы" ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Кеше аудан әкімі Талғат Байеділов Есік қаласының әкімдігіне барды.

"Қайта сайланған әкім Жан Құраметовке әкімдік ғимаратын ретке келтіру, сонымен қатар қаланың гүлденуі мен дамуына бар күш-жігерін салу, халықтың өзіне артылған жоғары сенімін ақтау тапсырылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2111715-esik-qalasynda-zhanga-akim-sailandy/