Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-вице-министр елші атанды: Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

Опубликовано:

Тимур Жақсылықов
Тимур Жақсылықов. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаевтың жарлығымен Тимур Жақсылықов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы, Талғат Шалданбай Қазақстанның Иордан Хашимит корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

"Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарын Ерлан Байжанов атқарған.

Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Талғат Шалданбай
Талғат Шалданбай. Фото: t.me/pressmfakz

Айта кетсек, Тимур Жақсылықов жаңа қызметіне дейін 2021 жылғы ақпаннан бастап еліміздің Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, Талғат Шалданбай 2022 жылдың қазан айынан бастап ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2111904-timur-zhaqsylyqov-qazaqstan-respublikasynyng-belarus-respublikasyndagy-elshisi-boldy/