Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Қайыржан Ерсайынұлы
Қайыржан Ерсайынұлы. Фото: gharysh.kz

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып Қайыржан Ерсайынұлы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ұлттық компанияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев 1981 жылы 22 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келген.

1997-2002 жылдары О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша түлегі;

2002-2008 жылдары Мәскеу авиациялық институтын "Ұшу аппараттарын сынау" мамандығы бойынша бітірген.

2021-2022 жылдары "Ғарыштық инженерия" мамандығы бойынша Мичиган университетінің магистрі, Энн Арбор қаласы.

Қазақстанның ғарыш саласында үлкен еңбек өтілі бар. Соңғы 5 жыл бойы Ghalam ЖШС Бас директоры – Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Жобаларды басқаруда, ұшу аппараттарының сынақ және өндірістік учаскелерін құруда тәжірибесі бар. Сондай-ақ, шетелдік университеттерде ұшыру кешендері саласында біліктілікті арттыру туралы дипломы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112051-qazaqstan-garysh-sapary-ulttyq-kompaniiasyna-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/