Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112180-toqaev-qazaqstannyng-belarustegi-zhangadan-tagaiyndalgan-elshisi-timur-zhaqsylyqovty-qabyldady/