Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкіліне бірқатар міндет жүктеді

Опубликовано:

Қайрат Омаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Қайрат Омаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасы парламенті сенатының Төрағасы Әбделуахаб Әбделразеқті қабылдады. Президент Сұлтан Бейбарыстың есімін ел жадында жаңғыртуға зор үлес қосқаны үшін Мысыр үкіметіне ризашылығын білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112192-toqaev-qazaqstannyng-buu-zhanyndagy-turaqty-okil-qairat-omarovty-qabyldady/