Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Әбдікәрімов Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің бірінің басшысы атанды

Опубликовано:

Дархан Әбдікәрімов
Дархан Әбдікәрімов. Фото: gov.kz

Дархан Әбдікәрімов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы министрлікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, Дархан Есентемірұлы 1969 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша, 2016 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қостанай облысы Науырзым ауданы совхозында жұмысшы болып бастаған.

2000-2005 жылдары ҚР АШМ Қостанай облысы Науырзым аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы – фитосанитариялық инспекторы болып жұмыс істеген.

2005 жыл – Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімі аппаратының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы;

2006-2010 жылдары – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі Науырзым аудандық филиалының директоры;

2010 – 2014 жылдары – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы;

2014 – 2017 жжылдары – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары;

2017 жылдан 2018 жылға дейін – Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

2021 – 2024 жылдар аралығында – ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болған.

Тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112336-darhan-abdikarimov-auyl-sharuashylygy-ministrligine-qarasty-komitetterding-birining-basshysy-bolyp-tagaiyndaldy/