Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қай күндері өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Бәйтерек
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шанхай ынтымақтастық ұйымының биылғы саммиті 3-4 шілдеде Астанада өтеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізгенін жазған еді. Сол жиында мемлекет басшысы ШЫҰ-ның алдағы Астана саммиті "Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу" деген атаумен өтетінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112591-astanada-shanhai-yntymaqtastyq-uiymynyng-sammiti-qai-kunderi-belgili-boldy/