Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин: Ресей мен Қазақстан арасында даулы мәселе жоқ

Опубликовано:

Владимир Путин
РФ президенті Владимир Путин. Фотосурет: t.me/news_kremlin

Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында БАҚ өкілдерімен кездесуінде Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жайын сөз етті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясы басшысының айтуынша, Ресей мен Қазақстан арасында екіжақты қарым-қатынасты қиындатындай мәселе жоқ.

"Шынымды айтсам, даулы болатындай және қарым-қатынасымызды (Қазақстанмен – ред. ескертпесі) қиындататын бірде-бір мәселені көріп тұрған жоқпын", - деді Путин журналистермен кездесуінде.

Бұған қоса ол кездесу барысында Ресей Қазақстанның солтүстік өңірлеріне газ беретінін мәлімдеді.

"Энергетика туралы айтатын болсақ, біз Өзбекстанға ғана емес, Қазақстанға да газ береміз. Солтүстік Қазақстан біздің энергия тасымалдаушымызға мұқтаж", - деді Ресей президенті.

Ол Қазақстанның газбен қамтуды қажет ететін үлкен облыстары бар екенін және ол жақта құны миллиард доллар болатын жаңа бағыттар жүргізгеннен гөрі Ресейден газ алу жеңіл әрі арзанырақ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2112975-putin-resei-men-qazaqstan-arasynda-dauly-masele-zhoq/