Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Олжас Анафин
Олжас Анафин. Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Олжас Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олжас Анафин 1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары – Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.

2020 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2113044-olzhas-anafin-engbek-zhane-halyqty-aleumettik-qorgau-vitse-ministri-qyzmetine-tagaiyndaldy/