Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Корея Республикасының президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусымда Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Айта кетейік, 3 мауысда Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдаған еді.

Сонымен қатар президент бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2113770-koreia-respublikasynyng-prezidenti-qazaqstanga-memlekettik-saparmen-keledi/