Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелекомның" бұрынғы төрағасы президенттің кеңесшісі болды

Опубликовано:

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Қуанышбек Есекеевті президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Қуанышбек Есекеев 1975 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеге келген.

1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика және қолданбалы математика факультетін "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын бітірген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттандыру департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ақпараттық технологиялар және инновациялық саясат департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2004 жылғы мамырдан – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, 2006 жылғы қазаннан 2007 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы міндетін атқарды.

2010 жылдың 15 наурызынан бастап үш рет "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2114796-quanyshbek-esekeev-prezidentting-kengesshisi-lauazymyna-tagaiyndaldy/