Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Конго Республикасының президенті келеді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев,  Франсуаза Жоли
Қасым-Жомарт Тоқаев, Франсуаза Жоли: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Конго Республикасы президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франсуаза Жолиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы өзара тиімді байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі саналатынын атап өтті.

"Мемлекет басшысы биыл елдеріміз дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, Конго Республикасымен ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді", - делінген ресми ақпаратта.

Кездесуде Конго Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы сапарына қатысты мәселелер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2114934-toqaev-kongo-respublikasy-prezidentining-strategiialyq-maseleler-zhonindegi-zheke-okilin-qabyldady/