Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанның табиғи ресурстарын сақтау туралы заңға қол қойды

Опубликовано:

Тұмса табиғат
Шығыстағы тұмса табиғат көрінісі. Көрнекі сурет: vkolibrary.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.

Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген:

Біріншіден, заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған.

Екіншіден, органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни, олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады.

Үшіншіден, заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген.

Төртіншіден, органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2115225-toqaev-qazaqstannyng-tabigi-resurstaryn-saqtau-turaly-zangga-qol-qoidy/