Путин Ердоғанмен Астанада кездесуді жоспарлап отыр
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесей президенті Владимир Путин Астанаға сапары барысында Түркия басшысы Ердоғанмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресей президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кремльдің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, кеше 11 маусымда Путин Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесті.
Кездесуде Путин келесі айда Ердоғанмен кездесуді жоспарлап отырғанын айтты.
"Мен сізден президент Ердоғанға жақсылық тілейтінімді жеткізуіңізді өтінемін. Білуімше, ол 3-4 шілдеде, Астанада өтетін халықаралық шараға келеді. Сол кезде кездесіп, барлық өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік болады деп үміттенемін", - деді Путин Фиданға.
Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтетіні бұған дейін белгілі болған еді.
Ақорда хабарлауынша, саммит аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2116005-putin-erdoganmen-astanada-kezdesudi-zhosparlap-otyr/