jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Алтын адам" мен тазы иттер: Қазақстан мен Корея басшылары көрмені тамашалады (фото)

    Көрмені тамашалау сәті
    Көрмені тамашалау сәті. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының фойесіне қойылған "Ұлы дала алтыны" көрмесін аралап көрді.

    Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адамның" реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.

    Кейінірек екі ел президенттері Қазақстан мен Кореяның танымал мәдениет қайраткерлерінің, өнер ұжымдарының концертін тамашалады.

    Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

    Концертте жеке орындаушылармен қатар, "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, "Бірлік", Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті.

    Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады.

    "Алтын адам" мен тазы иттер: Қазақстан мен Корея басшылары көрмені тамашалады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.