Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барып, құрбандық шалды (видео)

Жарияланған күні:

Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды
Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды. Мешітте президенттің атынан құрбандың шалынды, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды.

Мешітте Құран оқытылып, мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Айта кетейік, бұған дейін президент қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

"Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор. Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі", - деген еді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2118186-prezident-aziret-sultan-meshitine-bardy/