Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Дархан Қатышев
Дархан Қатышев. Фото: Көлік министрлігі

Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Дархан Қатышев Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қатышев Дархан Маратұлы 1983 жылы Ақмола облысы, Ерейментау қаласында дүниеге келген. 2020 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация академиясын "Авиациялық инженер-технолог" мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Ішкі істер органдарында бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінде сарапшы, бас сарапшы, 2009-2019 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы, 2019-2023 жылдары "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Авиациялық қауіпсіздік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2023 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2119578-azamattyq-aviatsiia-komiteti-toragasynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/