Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетіне пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке пікір білдіріп, Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы перзидент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Елімізде заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет.

Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін екенін айтқым келеді", - деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық БАҚ 18 маусымда Киевте тұратын қазақстандық белсенді, "Бәсе" YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреу атып кеткенін жазған еді.

Бас прокуратура Садықовтың "ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін" хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2120139-toqaev-kievte-qazaqstan-zhurnalisine-zhasalgan-qastandyq-areketke-pikir-bildirdi/