Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Опубликовано:

Думан Рахметқалиев
Думан Рахметқалиев. Фото: gov.kz

Бүгін Президент Әкімшілігімен және қала мәслихатымен келісе отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімі бойынша Думан Рахметқалиев Риддер қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов әріптестеріне жаңа қала әкімін таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Думан Рахметқалиев – Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ахмирово ауылының тумасы. Ол Прага халықаралық университетінде "Экономика" мамандығын бітірген әрі Қазақстан-Америка еркін университетін "Құқық магистрі" біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Рахметқалиев еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының "Теплоэнергоснаб" ЖШС экономисті қызметінен бастады.

Кейін Астана қаласы "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС, ШҚО Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отрядында жұмыс істеген.

Сондай-ақ "Ертіс ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ал 2020 жылдың сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасын басқарды.

2023 жылдың сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарды.

Облыс басшылығы Думан Рахметқалиевке қаланы жылыту маусымына дайындауды, сондай-ақ Риддер қаласының инфрақұрылымын, әлеуметтік-экономикалық және туризм саласын дамытуды тапсырды.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125056-ridder-qalasynyng-zhanga-akimi-tagaiyndaldy/