Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытайда 8 жыл тұрдым": Тоқаев "Синьхуа" агенттігіне берген сұқбатында не туралы айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Синьхуа" агенттігіне жазбаша сұхбат берді. Мемлекет басшысы сұқбатында Қытайда оқыған кезде сол елден не үйренгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Синьхуа" агенттігіне cілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қытайда тұрған кезде сол елдің мәдениетін, тарихын, тілі мен әдет-ғұрпын білгенін атап өтті.

"Шынында да, кейде мен әріптесіме маңызды ойларды мүмкіндігінше дәл жеткізу немесе күнделікті өмірдегі қызықты тақырыптарды талқылау үшін қытай тілінде әңгімелесемін.

Студенттік өмірдегі ең жарқын естеліктер мен дипломатиялық мансабымның басталуы Қытаймен байланысты. Жалпы Қытайда 8 жыл тұрдым. Осы уақыт ішінде мен Қытай мәдениетін, тарихын, тілі мен әдет-ғұрпын зерттеуге терең бойлап, қытай тағамдарының байлығы мен алуан түрлілігін білдім", - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сұқбатта Қытай халқының еңбекқорлығын да тілге тиек етті.

"Мені ерекше қызықтыратыны – білім берудегі прагматикалық, нәтижеге бағытталған көзқарас және үлкенге құрмет, еңбекқорлық сияқты дәстүрлі құндылықтар. Мұның бәрі қазіргі Қытайда қалыптасқан әлеуметтік атмосфераға да әсер етеді.

Бұл тәжірибе маған Қытай қоғамының бірегейлігін тереңірек түсінуге және мәдениетаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді. Қытай менталитеті мен өркениетін түсіну де қазіргі геосаяси жағдайда қазақ-қытай қарым-қатынасының маңызын түсінуде белгілі бір артықшылық береді.

Әлемдегі де, Қытайдың өзінде де тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, тілдік деңгейді сақтау, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін қытай тілінде кітаптарды үнемі оқып отырамын", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2126625-qytaida-8-zhyl-turdym-toqaev-sinhua-agenttigine-bergen-suqbatynda-ne-turaly-aitty/