Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров
Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін.

Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елдімекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз", - деп жазылған Ақорданың Telegram-дағы арнасында жарияланған жеделхат мәтінінде.

Еске салсақ, жұма, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында нөсер жауыннан сел жүрді.

Кейін селден кейін кәмелетке толмаған екі қазақстандық баланың денесі табылғаны белгілі болды. Ал кейінірек Сыртқы істер министрлігі сел кезінде жоғалып кеткен тағы екі қазақстандық баланың қаза тапқанын, олардың да денесі табылғанын хабарлады.

Бүгін, 1 шілдеде Қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров сел неге соншалықты жойқын болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2126994-toqaev-qyrgyzstan-prezidentine-kongil-aitty/