Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз премьері жойқын селдің себебін айтты

Опубликовано:

Қырғыз премьері Ақылбек Жапаров
Қырғыз премьері Ақылбек Жапаров. Фото: Қырғызстан үкіметінің сайты

Қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров сел неге соншалықты жойқын болғанын айтты. Оның сөзінше, бұған тым биік көпірлер себеп болған, деп хабарлайды "Sputnik Қырғызстан".

Қырғыз премьер-министрінің айтуынша, егер "Қызыл-Кия комур" акционерлік қоғамы биік көпірлер салмаса, Ноокат ауданындағы сел тасқыны сонша жойқын болмас еді. Бұл туралы ол Ош облысындағы жедел штаб отырысында айтты.

"Егер көпірлер соншалықты жоғары салынбаса, олар кедергі болар еді, су тар жерде жиналмай, төменге баяу түсер еді. Біз бір алаяқтың кесірінен 10 шақты адамнан айырылдық. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді. Айыл окмоту мен әкімдер ТЖМ құжаттарын оқуға тиіс. Көпірлерді бір адам жобалаған, оны маған тауып беріңіздер", - деді Жапаров.

Қырғызстан премьер-министрі қысқа мерзімде селдің жойылу салдарын жоюды тапсырды.

Еске салайық, 28 маусымда Қырғызстанның Ош облысында жойқын сел жүрген еді. Салдарынан бірнеше адам қаза тапқан. Оның ішінде төрт бала қазақстандық болып шыққан.

Кеше, 31 маусымда олардың денесі Қазақстанға жеткізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2126946-qyrgyz-premeri-zhoiqyn-selding-sebebin-aitty/