jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Мемлекет басшысы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады

    ақша есептеп отырған адам
    Ақша есептеп отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Ақорда.

    "Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

    Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев:

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға;

    "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға;

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға;

    "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қол қойды.

    Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Мемлекет басшысы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.