Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Жасұлан Сәрсенбаев. Фото
Жасұлан Сәрсебаев. Фото: arnapress.kz

Жасұлан Сәрсебаев Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол осы аймақ әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген, деп хабарлайды облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Абай облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, Жасұлан Сәрсебаев Президент Әкімшілігінің келісімімен өңір әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

ОЛ 1986 жылы Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, құқықтану бакалавры және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "Экономика" мамандығы бойынша, экономика және бизнес магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Жасұлан Сәрсебаев мемлекеттік қызметте еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы саяси партиялар мен діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманынан бастап, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, жастар саясаты мәселелері, туризм және сыртқы байланыстар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, ішкі саясат басқармаларының басшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.

Абай облысы құрылғаннан бастап Абай облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128191-abai-oblysy-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/