Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келді

Опубликовано:

Шавкат Мирзиеев, Олжас Бектенов
Шавкат Мирзиеев, Олжас Бектенов: t.me/KZgovernment

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының президентін әуежайда премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.

Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 4,5 млрд доллар болды. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда 1,2 млрд долларға жетті. Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57 пайызы Өзбекстанмен байланысты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан астанасына Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да келгенін жазған едік.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128356-astanaga-shavkat-mirziioev-keldi/