Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов елорда әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты қарсы алды (фото)

Жарияланған күні:

Садыр Жапаров, Олжас Бектенов
Садыр Жапаров, Олжас Бектенов. Фото: t.me/KZgovernment

Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін елімізге Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында Қырғызстан президентін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды.

Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.

Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3 пайызға артып, 1 572 млн долларға жетті.

ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

Бұған дейін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Өзбектен президенті Шавкат Мирзиеев келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128407-astanaga-qyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zhaparov-keldi/