Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының бұрынғы аудан әкімінің қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Жарияланған күні:

Ағыбай Әмірин. Фото
Ағыбай Әмірин. Фото: gorodpavlodar.kz

Павлодар облысы басшысының өкімімен бұрын Май ауданының әкімі болған Ағыбай Әмірин цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы аймақ әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ағыбай Әмірин 1972 жылы 9 мамырда Баянауыл ауданында дүниеге келген.

1995 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "математика және информатика мұғалімі" мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін "экономика және бизнес" магистрі мамандығы бойынша аяқтаған.

2003 жылдан Ақсу қаласының Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2006-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің кеңесшісі, кейін басшысы болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы болып қызмет етті. 2014-2016 жылдары - Павлодар облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.

2016 жылдың 18 қарашасынан 2018 жылдың 21 мамырына дейін Ақтоғай ауданының әкімі.

2018 жылдың мамырынан 2020 жылдың наурызына дейін - Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Май ауданының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128473-pavlodar-oblysynyng-buryngy-audan-akimi-ning-qandai-qyzmetke-tagaiyndalgany-belgili-boldy/