Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талантына тәнті болды": Си Цзиньпин Майра Мұхамедқызы мен Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалады (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь және қазақстандық өнер жұлдыздары
Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь және қазақстандық өнер жұлдыздары. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпинь келіссөздерден кейін Майра Мұхамедқызы мен Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

" Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы және қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген Димаш Құдайбергеннің өнерін тамашалап, бұлбұл Майра мен дүлдүл Димаштың талантына тәнті болды", - делінген Telegram-дағы БОРТ №1 арнасында жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин 2 шілдеде Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп 30-дан астам маңызды құжатқа қол қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128506-toqaev-pen-si-tszinpin-maira-muhamedqyzy-men-dimash-qudaibergenning-onerin-tamashalady/