Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Си Цзиньпинді әуежайдан Тоқаевтың өзі күтіп алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь
Қасым-Жомарт Тоқаев, Си Цзиньпинь. Фото: akorda.kz

Астанаға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.

"Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады", - делінген ресми хабарламада.

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, 2-4 шілде күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Қытай басшысы мемлекеттік сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапары алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап мақала жазып, онда ресми Бейжің Астанаға қатысты қандай саясат ұстанатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2127453-astanaga-qhr-toragasy-si-tszinpin-keldi/