Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді

Опубликовано:

Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Фото : t.me/KZgovernment

Александр Лукашенко ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь президентінің ұшағы Астанаға қонды. Елорда әуежайында Александр Лукашенконы Қазақстан премьер-Министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды.

Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, онда Беларусь Республикасының мемлекетаралық бірлестікке толыққанды мүше болу мәселесі қаралады.

Сонымен қатар Қазақстан мен Беларусь екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде дамытуда. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде екі ел арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы $1 млрд жақындап, кейде одан да асып түсті. Осы жылдың 4 айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара сауда көлемі $249,3 млн-ға жетті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, өнеркәсіптік кооперация аясында 1,6 мың жұмыс орнын құра отырып, шамамен $200 млн сомасына ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру бойынша 10 бірлескен жоба іске асырылды. Тағы 4 ірі жоба іске асырылу сатысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128563-aleksandr-lukashenko-shyu-sammitine-qatysu-ushin-astanaga-keldi/