Бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:
Бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 2025-2027 жылдарға арналған бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.
Шешім Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастың ұйымының саммитінде қабылданды.
Бұған дейін ол президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Қорғаныс министрі қызметін атқарды.
Online zakon.kz ақпаратынша, ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалғанға дейін осы ұйымның бас хатшысының орынбасары болған.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары, президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі болды, Қазақстан Республикасының ҚХР, Вьетнам және КХДР-дағы дипломатиялық өкілдіктерін басқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128989-buryngy-qorganys-ministri-nurlan-ermekbaev-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/