Астанада өткен ШЫҰ саммитінен бұған дейін көрсетілмеген фотосуреттер жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан президентінің баспасөз қызметі өкілдері кеше Астанада өткен ШЫҰ саммитінен бұған дейін көрсетілмеген фотосуреттерді жариялады. Бұл жөнінде Telegram-дағы "Борт№1" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жазба авторлары бұл фотосуреттердің басқа дереккөздерде жарияланбағанын атап өткен.
Фотосуреттерден Қасым-Жомарт Тоқаевтың және басқа елдердің президенттерінің бір-бірімен қол алысып, пікір алмасып тұрғанын көруге болады.
Сондай-ақ Димаш Құдайберген өнер көрсеткен сәттен суреттер жарияланған.
Еске салсақ, Астанада 4 шілдеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 24-саммиті өтті.
Саммит барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысушылар Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы құжатқа ресми түрде қол қойды.
Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Астана декларациясына қол қойылды.
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның 2025-2027 жылдарға бас хатшысы болып тағайындалғаны да белгілі болды.
Бұдан кейін мемлекет және үкімет басшылары "ШЫҰ плюс" форматында кездесті.
Астанада өткен ШЫҰ-ның "плюс" форматындағы саммитте Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы "өзара іс-қимылдың жаңа серпіні" бойынша бірнеше ұсыныс айтты.
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аяқталды – ол ҚХР-ға өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге қызметіне табыс тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129865-astanada-otken-shyu-sammitinen-bugan-deiin-korsetilmegen-fotosuretter-zhariialandy/