Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті алдында Ильхам Әлиевпен кездесті (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасы президентінің Шуша ауданындағы арнаулы өкілдігінің ғимаратына барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталады. Саммит "Көлік, коммуникация және климаттық өзгерістерді бақылау арқылы баянды болашақ құру" тақырыбында өтеді.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Әзербайжанға жұмыс сапарымен барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2130057-toqaevty-azerbaizhan-prezidenti-ilham-aliev-qarsy-aldy/