Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды (фото)
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2130030-toqaev-azerbaizhanga-zhumys-saparymen-bardy/