jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеп, оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

    Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

    Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

    Саясаткерге кездесу өткен жерге жақын орналасқан ғимараттың төбесінен оқ атқан. CNN мәліметінше, АҚШ-тың Құпия қызметі шабуыл жасаған снайперді оқиға орнында атып тастады.

    Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.