Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту: Тоқаев заңдарға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға қатысты заңға және Құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгеріс енгізетін заңға қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2136087-toqaev-birqatar-zangga-qol-qoidy/