Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
Сонымен қатар президент өкімімен Қуат Жалалитденұлы Сандалов Президент Әкімшілігі Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Ержан Сейтқұлов 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ-де білім алған.
2001-2006 жылдары М. В. Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандағы филиалында жұмыс істеді.
2007 жылы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де профессор болды.
2023 жылғы 4 желтоқсаннан Президент Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
Ал Қуат Сандалов туралы ақпарат аз. "Қазақтелеком" АҚ сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, ол компанияның ақпараттық технологиялар бөлімінде цифрландыру және үлкен деректерді басқару жөніндегі директор қызметін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2142900-erzhan-seiitqulov-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/