Тоқаев Жозеп Боррельмен кездесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда Орталық Азия елдерінің өзара ықпалдастығы жөнінде пікір алмасты.
Айта кетелік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
Сонымен қатар 1 тамызда Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы басшысын қабылдады.
Бірер күн бұрын Ерболат Досаев Тоқаевқа Алматыда қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2143287-toqaev-zhozep-borrelmen-kezdesti/